<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><hymn_number>252</hymn_number>
<title>Күні, түні талмаймын РӘЖ252</title>
<lyrics>[V1]
 Күні-түні талмаймын,
 Тәңірді мадақтаймын.
 Жаратқаны қанша мың,
 Санаудан мен шаршадым.

[C1]
   Күні, айы, жарығы,
   Өзен, көлі, арығы.
   Бақа, шаян, балығы,
   Орман, тауы, қорығы.
   Ауа, суы, гүлдері,
   Арыстан мен пілдері.
   Кең даласы, шөлдері.
   Бау бақшасы, белдері.

[V2]
 Достар, бері келіңдер,
 Маған жәрдем беріңдер.
 Он-ақ саусақ бар менде,
 Бірге санап көріңдер.

[V3]
 Бәрін санап бітпейміз,
 Санына да жетпейміз.
 Гүлдендірген өмірді,
 Мадақтайық Тәңірді.

[C2]
   Арпа, бидай, сұлысы,
   Тары, талқан, күріші.
   Анар, алма, жүзімі,
   Жал, жаясы, шұжығы.
   Құрт, ірімшік, айраны,
   Бал, шекері, майлары.
   Қымыз, шұбат, саумалы,
   Жеміс-жидек, баулары.</lyrics>
</song>